2025 жылдың 7 қараша күні «Ж. Кизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылғы колледжі» КМҚК әлеуметтік педагогы С.Г. Коновалова студенттермен «Назар аударыңыз: қауіпті жағдай!» Сенім телефоны тақырыбында әңгіме өткізді.
Әңгіме барысында студенттерге сенім телефонының жұмыс принциптері туралы түсіндірілді. Сенім телефонының міндеттері айтылып, оның қиын жағдайға тап болған кезде қолдау табуға, түсіністік пен жылы қабылдау көруге мүмкіндік беретіні, сабырлы жағдайда мейірімді маманмен сөйлесу арқылы мәселені талдап, әрі қарай қандай қадам жасау керектігін анықтауға көмектесетіні түсіндірілді.
Светлана Геннадьевна атап өткендей, сенім телефондарының қызметі құпия түрде көрсетіледі. Жеке деректеріңіздің қауіпсіздігі сақталады, ал сіз қиын сәтте көмек пен қолдау ала аласыз. Егер өмірде қиындықтар туындаса, көмек сұраудан ұялмау қажет екені ескертілді.
Әңгіме барысында ақпараттық қауіпсіздік пен кибермәдениет мәселелері де қозғалды. Әлеуметтік педагог студенттерге интернет алаяқтарының әрекет ету тәсілдерін, жасөспірімдер туралы жеке деректер қалай алатынын және киберқылмыс құрбанына айналмаудың жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар, әлеуметтік желілер мен басқа интернет ресурстарында қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы ақпарат берілді. Әсіресе, әлеуметтік желілерде жеке мәліметтерді жарияламаудың маңыздылығы атап өтілді.
Бұл іс-шара студенттерге ой салды және болашақта олардың саналы әрі қауіпсіз әрекет етуіне септігін тигізеді деген үміт бар.


